Су тасқыны: азаматтар шығынды өтеу туралы өтінішті eGov mobile қосымшасында бере алады

Жаңа сервисті пайдалану үшін азаматтарға eGov mobile мобильді қосымшасының басты бетіне өтіп, сәйкес опцияны таңдау жеткілікті
Sputnik
АСТАНА, 18 сәуір – Sputnik. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Қызмет еліміздің су тасқынынан зардап шеккен барлық өңірлеріндегі барлық азаматтарға қолжетімді. Азаматтар енді тікелей eGov mobile мобильді қосымшасы арқылы шығынды өтеу туралы өтінімді оңай әрі ыңғайлы бере алады.
Бұл қызметті цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен және "ҰАТ" АҚ-мен бірлесіп, азаматтардың қажеттіліктері мен ыңғайлылығын ескере отырып әзірледі.
Жаңа сервисті пайдалану үшін азаматтарға eGov mobile мобильді қосымшасының басты бетіне өтіп, сәйкес опцияны таңдау жеткілікті.
Айта кету керек, егер өтінім қағаз түрінде берілген болса, оны қайта жіберудің қажеті жоқ - ақпарат автоматты түрде есепке алынады.
Су тасқынынан кейін 5,8 мыңнан астам отбасы 369 мың теңгеден алды