АСТАНА, 18 сәуір – Sputnik. Су тасқыны қаупі бар аймақтардан тұрғындарды уақтылы тасымалдау үшін "Алматы-Атырау" және кері бағытта 1 рейске қосымша пойыз жүреді, деп хабарлады "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі.
№215/216 "Алматы-Атырау" пойызы келесі кестеге сәйкес қатынайды:
Алматыдан 19 сәуірде сағат 13:40-та жөнелтіліп, Атырауға 21 сәуірде сағат 15:32-де келеді;
Атыраудан 21 сәуірде сағат 23:16-да жөнелтіліп, Алматыға 24 сәуірде сағат 03:50-де келеді.
№215/216 "Алматы-Атырау" пойызына билеттер купе вагондарында да, плацкарт вагондарында да қолжетімді.
Қабылданып жатқан шаралар 700-ден астам жолаушыны қосымша тасымалдауға мүмкіндік береді.
Қосымша пойызға билеттерді сату 17 сәуірде басталды. Билеттерді комиссиясыз bilet.railways.kz сайттан және вокзалдың билет кассаларынан сатып алуға болады.