Фото

Әлемдегі Дүниежүзілік мұра тізіміне енген нысандар - фото

18 сәуірде Дүниежүзілік мұра күні немесе Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні атап өтіледі. Бұл тізімге Қазақстанда орналасқан бірегей нысандар да кіреді
Sputnik
Ескерткіштер мен тарихи орындар күні алғаш рет мемлекетаралық деңгейде осыдан 40 жыл бұрын, 1984 жылы 18 сәуірде аталып өтті.
Бұл күн бір жыл бұрын әлемдік мәдени мұраны қорғау мен сақтауға қоғамның назарын аудару мақсатында ЮНЕСКО жанынан құрылған Ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау жөніндегі халықаралық кеңестің Ассамблеясымен белгіленді.
ЮНЕСКО-ның Қазақстанның мәдени мұралар тізіміне Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, Таңбалы петроглифтері, Ұлы Жібек жолының нысандары құрамында Қаялық, Қарамерген, Талғар, Ақтөбе, Ақыртас, Құлан, Қостөбе, Өрнек елді мекендері кіреді.
Осы арнайы тізімге енгізілген тарихи орындар мен ескерткіштерді суреттер топтамасынан тамашалаңыз.
1 / 16

Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесі.

2 / 16

Лумбини — Непалдағы елді мекен, Үндістанмен шекаралас Рупандехи ауданында орналасқан.

3 / 16

Сербиядағы ерлерге арналған Студеница монастырь.

4 / 16

Камчаткадағы Горелый жанартауының кратер көлдерінің бірі.

5 / 16

Қытайдың Сычуань провинциясындағы Эмэйшань будда храмы.

6 / 16

Вьетнамдағы көне Хойан қалашығы.

7 / 16

Сан-Марино тарихи орталығы және Титано тауы.

8 / 16

Йемендегі Шибам қаласы

9 / 16

Гаммельстад шіркеу қалашығы.

10 / 16

Ежелгі Ливан қаласындағы Баальбек ғибадатхана кешені.

11 / 16

Марокконың ескі Эль-Джадида қаласындағы Мазарған бекінісіндегі жерасты коллектор.

12 / 16

Бұхараның тарихи орталығындағы Чор-Минор медресесі.

13 / 16

Нью-Мексико штатындағы Карлсбад үңгірлері.

14 / 16

Мадагаскар аралындағы Цинги-де-Бемараха қорығында жартас құрылымдары.

15 / 16

Канададағы динозаврлар паркі.

16 / 16

Тунистегі Эль-Джем қаласындағы амфитеатр.