Қызылордада апиын сатпақ болған 5 азамат ұсталды

Олар 3,5 келі апиынды сатуға әрекеттенген
Sputnik
АСТАНА, 17 сәуір – Sputnik. Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша ҰҚК департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен есірткіні жеткізудің өңірлік арнасын жойды.
2024 жылғы наурызда Қызылорда қаласында 3,5 келі апиынды сатуға әрекеттенген Қазақстанның 5 азаматы ұсталды. Бұдан басқа, қосымша іс-шаралар барысында заңсыз сора өсіру жөніндегі астыртын зертхана табылды.
"Соттың санкциясымен ұсталған адамдарға күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Қылмыстық кодекстің 300-бабы 2-бөлігі және 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр", – делінген ҰҚК хабарламасында.