АСТАНА, 17 сәуір – Sputnik. Қырғызстанның цифрлық даму министрлігінің TikTok балалардың денсаулығына зиян келтіру туралы заңды сақтамағаны үшін әлеуметтік желіге кіруді шектеу туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.
"Қырғызстанда TikTok әлеуметтік желісіне кірц шектеледі, бұл ақпаратты цифрлық даму министрлігінің баспасөз қызметі растады", - деп жазылған хабарламада.
Цифрлық даму министрлігіне қарасты Байланыс саласын реттеу және қадағалау қызметі интернет-провайдерлерден Қырғызстандағы TikTok ақпараттық қызметіне қолжетімділікті шектеуді және 2024 жылдың 18 сәуіріне дейін жазбаша жауап беруді сұрады.
Ведомствоның хабарлауынша, қызметке Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінен ТикТоктың қырғыз сегментінде, атап айтқанда, Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті "балаларға арналған ақпарат кеңістігінде" контент цензурасына жүйелі және принципті көзқарас жоқ екені көрсетілген хат келіп түскен.
"ТикТоктың "Қырғыз Республикасындағы балалардың денсаулығына және физикалық, интеллектуалдық, психикалық, рухани-адамгершілік дамуына зиян келтірудің алдын алу шаралары туралы" заң талаптарын орындамауы мұндай шешім қабылдауға негіз болды. Заңда балалардың денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпарат түрлері көрсетілген", — деп келтіреді министрлік мәлімдемесін Sputnik Қырғызстан.
Агенттіктегілер Қырғызстанда TikTok-ты бұғаттау туралы алғаш рет 2023 жылдың тамызында айтыла бастағанын мәлімдеді.
Республиканың мәдениет министрлігі "балаларға арналған жағымсыз контент және ересектерге арналған жалған хабарламалар тарату" туралы шағымдар негізінде қызметке тосқауыл қоюды сұрады.