АСТАНА, 17 сәуір – Sputnik. Бүгін Қазақстан мен Ресейдің энергетика министрліктері арасында Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларында ЖЭО салу жобалары бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Казахстан и Россия подписали межправительственное соглашение о строительстве угольных ТЭЦ
© Photo : Пресс-служба Минэнерго Казахстана
Тараптар "ИНТЕР РАО – Экспорт" ЖШҚ және "Самұрық-Энерго"АҚ атынан уәкілетті ұйымдарды анықтады.
"Үш облыс орталығында – Семей, Көкшетау және Өскеменде үш жаңа ЖЭО іске қосу энергетикалық көмірдің мол қорын алуға қуатты серпін береді", - деп атап өтті энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев.
Қазақстан тарапынан уәкілетті ұйым "Самұрық-Энерго" АҚ атынан осы жылдың өзінде-ақ ЖЭО шоты бойынша бірінші іске асыруды бастау үшін тиісті жол картасын қалыптастырды.