АСТАНА, 16 сәуір – Sputnik. Қазақстан мен Ресей шекарасындағы су қоймасының толып кетуінен Орск қаласын су басу қаупі туындады.
"Қазақстанмен шекарадағы жекеменшік су қоймасында Меңдібай өзенінің сағасымен Орск қаласына су келуі мүмкін", - деп хабарлайды РИА Новости Орск қаласының мэриясына сілтеме жасап.
Тұқай ауылын су басу қаупі бар, эвакуация жарияланды, деп хабарлады мэриядағылар.
"Тұрғындар уақытша орналастыру орталықтарына орналастырылады", - делінген хабарламада.
Эвакуация орталықтарына тасымалдау үшін муниципалды автобустар ұйымдастырылды.
Жайық өзеніндегі су деңгейі көтеріліп жатыр.