Назарбаев қоры "биліктің беделін түсіруге бағытталған науқан" туралы ақпаратқа жауап берді

Sputnik
АСТАНА, 16 сәуір – Sputnik. Қазақстанда су тасқыны болып, ахуал өткір сипат алып тұрған шақта кейбір әлеуметтік медиа Нұрсұлтан Назарбаев қоры "биліктің беделін түсіруге және қоғамдық-саяси жағдайды тұрақсыздандыруға бағытталған ақпараттық науқан" жүргізіп отыр деп жариялады.
Нұрсұлтан Назарбаев қоры осы мәселеге қатысты мәлімдеме жасады.
"Нұрсұлтан Назарбаев қорының қызметінде саяси да, ақпараттық-манипуляциялық та сипат жоқ. Қордың жұмысы тек әлеуметтік жобалар мен азаматтық бастамаларды дамытуға, ел жастарды қолдауға, қайырымдылық көмек көрсетуге бағытталған. Бұған қоса, Нұрсұлтан Назарбаев мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты және оның саяси бағытын әрдайым қолдағанын және қолдайтынын айтамыз", - делінген мәлімдемеде.
Мәлімдемеде ел тұрғындары сияқты Нұрсұлтан Назарбаев та су тасқынынан зардап шеккен жандарға алаңдап отыр.
"Біз мемлекет басшысы мен үкіметтің ел өңірлерінде бұрын-соңды болмаған су тасқынының салдарын жою жөніндегі шарасын толығымен қолдаймыз. Нұрсұлтан Назарбаев Қоры зардап шеккен өңір тұрғындарын қолдау үшін алғашқылардың бірі болып ақша аударып, қаржылай көмек көрсетті", - делінген мәтінде.