АСТАНА, 16 сәуір – Sputnik. Бүгін Ежелгі Олимпияда Париж Олимпиадасының алауы күн сәулесінен тұтанады, деп хабарлайды 24.kz.
Бұл салтанатты шараның қалай болатынын әртістер көрсетті.
Бір күн бұрын Грекияда Олимпиада алауын жағу рәсіміне басты дайындық өтті.
Ежелгі Олимпия - әлемнің түкпір-түкпірінен келген туристер зиярат ететін орын. Бір кездері Олимпиада ойындары осы жерден бастау алған деп есептеледі. Археологиялық кешен ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне енгізілген.
Содан кейін алау Францияға беріледі. Естеріңізге сала кетейік, Париждегі Олимпиада ойындары 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді.