Үндістанның Сринагар қаласындағы бақшада жыл сайын көктемде мыңдаған қызғалдақ гүлдейді.
Бірақ бақшада басқа да гүлдер бар: гиацинт, нарцисс, мускари және цикламен гүлдерін бақшаға келушілер де сүйсіне алады.
Мемориалдық баққа Индира Гандидің аты берілген және ол бүкіл Азиядағы ең үлкен бақ болып саналады.
Бақ әйгілі Дал көлі мен Забарван төбелерінің арасында орналасқан. Бақша аумағы 52,5 гектардан асады.
Бақшаны құру идеясы сол кездегі министр Гулам Наби Азадқа тиесілі. Ол Кашмир алқабында гүл өсіру мен туризмді дамытқысы келді.
Мұнда жауқазынның алуан түрі мен түсі гүлдейді. Бұл жерге ғашық болмау мүмкін емес!
Бақшаға сәндік шамдар орнатылып, суретке түсетін аймақтар ұйымдастырылған. Мұнда туристер керемет сурет пен селфиге түсіп, сәнді гүл алқаптарының көріністерін тамашалау үшін келеді.
Бақ келушілер үшін жыл бойы ашық. Дегенмен бақшаға жауқазынның гүлдеу кезеңінде, яғни, наурыз бен мамыр аралығында барған дұрыс.