АСТАНА, 15 сәуір – Sputnik. Премьер-министрі Олжас Бектенов су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру үшін Орал қаласында жүр.
Жайық өзінінің жағасын бекіту жұмыстары
© Қазақстан премьер-министрінің баспасөз қызметі
Үкімет басшысы өңірге келісімен Жайық өзенінің жағалауын нығайту және бөгет құрылыстарын салу жұмыстарының барысын тексерді.
Жайық өзінінің жағасын бекіту жұмыстары
© Қазақстан премьер-министрінің баспасөз қызметі
Сонымен қатар Олжас Бектенов жағдайды бақылау үшін өңір аумағында орналасқан су қоймаларының өзен арнасын тікұшақпен аралайды.
Жайық өзінінің жағасын бекіту жұмыстары
© Қазақстан премьер-министрінің баспасөз қызметі
Еске салсақ, мамандардың айтуынша, Ресей Федерациясынан судың мол көлемі 2-3 күнде қалаға жетеді. Қауіпті деңгей 8,5 метр болса, қазір Жайықтың деңгейі 8 метрге жуықтады.
Қазір 350 арнайы техника, 2 мыңға жуық адам тасқынға тосқауыл қоюға жұмылдырылған. Сондай-ақ өзге өңірлерден, облыс аудандарынан келген әскери қызметшілер, төтеншеліктер және еріктілер бұл жұмысқа белсене атсалысып жатыр.