АСТАНА, 14 сәуір – Sputnik. Запорожье облыстық мемлекеттік әкімшілігінің басшысы Иван Федоров жексенбі күні Telegram-арнасында бірнеше инфрақұрылым нысандарының зақымдануы туралы айтты, деп хабарлады РИА Новости.
Федоров соңғы тәулікте облыстағы жеті елді мекенде 319 жарылыс болғанын, содан кейін бірнеше инфрақұрылым нысандарының зақымданғаны туралы хабарлаған. Бірақ ол қанша және қандай нысандар туралы айтып отырғанын нақтыламады.
2022 жылдың қыркүйегінде өткен референдум нәтижесінде Запорожье облысы Ресей Федерациясының субъектісі атанды. Бірақ Киев референдум қорытындысын мойындамады және аумақты атқылауды жалғастыруда.
Бүгінгі күні Запорожье облысының 70%-дан астамы Ресейдің бақылауында, облыстың бұрынғы облыс орталығы Запорожье қаласы 2023 жылдың наурызынан бастап Украина әскерлерінің бақылауында қалды, Мелитополь облыстың әкімшілік орталығына айналды.