Солтүстік Қазақстанда тұрғындарды эвакуациялау жалғасып жатыр

Sputnik
АСТАНА, 14 сәуір – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында су тасқынына қарсы жұмыста жалғасып жатыр. Тәулік бойы су деңгейін өлшеу және Есіл өзенін қарауылдау жұмыстары жүргізілуде.
Солтүстік Қазақстан облысында Қарулы күштердің 700-ден астам әскери қызметшісі бірнеше топқа бөлініп, зардап шеккендерді эвакуациялау мен бөгеттерді нығайту жұмыстарын жалғастыруда.
Подгора ауданында Қызылжар су және Ущев көшесіндегі жергілікті тұрғындар эвакуацияланды. Хром зауыттағы, Кожевин көшесіндегі және қалалық жағажайдағы бөгетті күшейту жұмыстары жалғасуда. Әскери қызметшілер Бескөл кентінде жол полициясымен бірлесіп, Жамбыл және Рабочий көшелерін қоршау жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ олар Петропавл тұрғындарына ауыз су жеткізуді ұйымдастырды.