"Таза Қазақстан" акциясына 180 мыңнан астам адам қатысты

"Таза Қазақстан" республикалық акциясы жалғасып жатыр
Sputnik
АСТАНА, 13 сәуір – Sputnik. "Таза Қазақстан" республикалық акциясына жастар мен волонтерлік ұйымдар белсенді қатысып жатыр, деп хабарлады Қазақстанның мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.
Президенттің аймақтардағы елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру бойынша тапсырмасын орындау аясындағы акцияның "Таза өлке" деп аталатын бірінші аптасының қорытындысы бойынша іс-шараға 181,7 мың адам қатысқан.
"Таза Қазақстан" акциясына 180 мыңнан астам адам қатысты
Атап айтқанда, Алматы, Шымкент, Қызылорда, Жамбыл және Түркістан облыстарында 1,6 мыңнан астам экологиялық акция ұйымдастырылды.
"Таза Қазақстан" акциясына 180 мыңнан астам адам қатысты
"Алматы облысында 1,6 мың тоннадан астам, Жетісу облысында 679 тонна қоқыс шығарылып, Түркістан облысында 1,5 мың көшет, 34,5 мың гүл отырғызылды", - деп жазылған хабарламада.
Сонымен қатар, су тасқыны болған аймақтарды қалпына келтіру шаралары жалғасып жатыр.
"Таза Қазақстан" акциясына 180 мыңнан астам адам қатысты