Азия чемпионаты: Азамат Дәулетбеков ел қоржынына алғашқы "алтынды" салды

Жекпе-жек 86 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өтті
Sputnik
АСТАНА, 12 сәуір – Sputnik. Еркін күрестен Қазақстан құрамасының үздігі Азамат Дәулетбеков қатарынан үш дүркін Азия чемпионы атанды, деп хабарлады ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті.
86 келіде сынға түскен Азамат Дәулетбеков финалда өзбекстандық Жабраил Шапиевті 5:2 есебімен жеңді.
Осылайша, өз салмағында үш дүркін Азия чемпионы атанды.
Бұған дейін Азамат Дәулетбеков Азия чемпионатынан бөлек, әлем біріншілігінде екі рет қола жүлдегер атанған.
Спорт
Тарихи алтын: қазақстандық спортшы жасөспірімдер олимпиадасының чемпионы атанды