Жердегі күннің жартылай тұтылуы Тынық мұхитының орталық бөлігінде Қазақстандағы уақыты бойынша 20:42-де басталып, Атлант мұхитының шығысында 01:52-де аяқталды.
Суретте: Испаниядағы күн тұтылу кезінде ай Күннің бір бөлігін жаба бастады.
Мексиканың солтүстігінде 23:17-де күн тұтылуының ең үлкен кезеңі көрінді.
Суретте: Мехикодағы Өнер сарайынан күннің жартылай тұтылуы кезіндегі мұнара көрінісі.
Мексика халқы бұл құблысты бәрінен ұзақ тамашалады. Тұтылудың толық кезеңінің ұзақтығы төрт минуттан астам болды.
Суретте: Мексикадағы күннің толық тұтылуы.
Тұтылуды Солтүстік Америка мен Тынық және Атлант мұхитындағы кейбір аралдардың, соның ішінде Канада мен басқа да жақын елдердің тұрғындары да тамашалады.
Суретте: Күннің толық тұтылуының бастапқы кезеңі, Техас, АҚШ.
Бірақ бұл тұтылу Ресей мен Қазақстанда байқалмады.
Суретте: "Бэйли моншақтары" деп аталатын көрініс. Ол Күннің толық тұтылуы кезінде Ай Күннің алдынан өткенде пайда болады, Солтүстік Америка, Индиана.
Бұл тұтылу "америкалық тұтылу" деп аталды. Өйткені бұл тұтылудың әртүрлі кезеңдері АҚШ-тың бүкіл аумағвнда көрінді.
Күннің тұтылуы - таңғажайып құбылыс!
Суретте: Вашингтондағы күннің толық тұтылуы.
Тұтылуды бір көргеннен кейін ол өмір бойы есте сақталады!
Суретте: Солтүстік Америкадағы күн тұтылу кезіндегі фототілшілер.
Күннің толық тұтылуы кезінде ай күнді толығымен жауып, аспан қараңғы болады.
Суретте: Толық тұтылу кезінде Ай Күннің алдынан өтіп жатыр, Техас, АҚШ.
Шетелдік БАҚ-тың хабарлауынша, биылғы жылы толық тұтылуды планетада 32 миллионға жуық адам бақылаған.
Суретте: Техас тұрғындары күннің толық тұтылуын тамашалап тұр.
Келесі толық тұтылу 2026 жылдың 12 тамызында болады. Ол солтүстік жарты шардың бір бөлігін қамтиды. Ол Арктикада, Гренландияда, Исландияда және Канаданың солтүстігінде көрінеді.
Суретте: Күннің толық тұтылуы кезіндегі күн дақтары.
Алдыңғы мұндай тұтылуды жер тұрғындары 2021 жылдың желтоқсан айында тамашалады. Ол тек Антарктидадан көрінді.
Суретте: Күн тұтылу кезіндегі Стоунхендж көрінісі.
Тұтылу кезінде көру қабілетіне зиян келтірмес үшін арнайы қорғаныс көзілдірігін пайдаланып аспанға қарау керек.
Суретте: Нью-Йорктегі Азаттық мүсінінің жанында Солтүстік Америкада байқалған күн тұтылу кезінде адамдар күнге қарап тұр.
Бұл құбылыс тек жаңа ай кезінде, яғни спутник жарықсыз жағымен біздің планетаға бұрылған, сондықтан түнгі аспанда мүлдем көрінбейтін уақытта болады.
Суретте: Ниагара сарқырамасы көрінісінде күн тұтылу кезінде Ай Күннің алдынан жылжып бара жатыр.