Қазақстан ғылымының атасы: Қаныш Сәтбаевтың туғанына 125 жыл

Сондай-ақ бүгін – Қазақстандағы ғылым қызметкерлерінің күні
Sputnik
АСТАНА, 12 сәуір – Sputnik. Бүгін Қазақстан ғылымының атасы, ұрпаққа мол мұра қалдырған ғалым, геолог, мемлекет және қоғам қайраткері Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толды.
Қазақстан Ғылым академиясының Тұңғыш Президенті, геологиялық ғылымдар институтын құрушы ғұлама ғалым қазақ даласындағы көптеген пайдалы қазбалар мен кен орындарын алғаш ашып, халық игілігіне пайдалануға қалтқысыз еңбек етті.
"Сондай-ақ бүгін – Қазақстандағы ғылым қызметкерлерінің күні. Күнтізбедегі бұл дата кездейсоқ таңдалмағаны белгілі. 12 сәуір – Ғылым академиясының тұңғыш президенті, көрнекті ғалым-геолог Қаныш Сәтбаевтың дүниеге келген күні", - деп жазды ғылым және жоғары білім министрлігі.
Аты аңызға айналған тұғыры биік тұлға Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың есімі мен мұрасы ғылымдағы ізбасарларына әрқашан үлгі-өнеге болып қала бер­мек.
Дерекқор
"Халқым менен де биік": Әйгілі ғалым Қаныш Сәтбаев туралы не білеміз?