АСТАНА, 12 сәуір – Sputnik. Алматыдан Атырау мен Оралға 50 вагонмен ауыр арнайы техника және нығайтқыш материалдар жөнелтілді, деп хабарлады ҚТЖ баспасөз қызметі.
"Теміржол арқылы самосвалдар, өрт сөндіру машиналары, су тасушылар, алдыңғы жүк көтергіштер, сондай-ақ ағаш, сым, шегелер жеткізіледі", - деп жазылған хабарламада.
Компанияның мәліметінше теміржол бөлімшелерінің барлық қызметі өз күшін жүкті жедел және қауіпсіз жеткізуге бағыттады.