АСТАНА, 12 сәуір – Sputnik. "Ақсай" бассейніндегі селді ұстайтын бөгетті салған мердігерге қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігі.
Арнадағы мәліметтерге қарағанда, төтенше жағдайлар министрі Әрінов "Ақсай" бассейніндегі селді ұстайтын бөгетті тексеру кезінде мердігердің осы нысанды салу бойынша міндеттемелерін орындамауына байланысты белгілі бір бұзушылықтарды анықтаған. Құрылыстың дұрыс жүргізілмеуінен Алматы қаласының 30 мыңға жуық тұрғынының өміріне қауіп төнуі мүмкін.
Осыған байланысты "Қазселденқорғау" басшылығының алдында тиісті материалдарды процессуалдық шешім қабылдау үшін ҚР Қаржы мониторингі агенттігіне беру туралы мәселе көтерілді. Оның нәтижелері бойынша ҚР Қардылық мониторинг агенттігі қылмыстық іс қозғады және мердігер ұйымның жауапты тұлғаларына қатысты бюджет қаражатын ұрлау бойынша тергеу жүргізілуде.