АСТАНА, 11 сәуір – Sputnik. Ақмола облысында шетел азаматтары үшін жалған анықтама құжаттарын жасап келген күдікті ұсталды.
Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, Аршалы кентінің тұрғыны 2022-2023 жылдар аралығында аудан аумағына келген шетел азаматтарының жұмысқа орналасуы үшін жалған медициналық анықтама жасап келген.
"Осы дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 394-бабының 1-бөлігі "заңсыз көші-қонды ұйымдастыру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", -деді ведомстводан.