АСТАНА, 11 сәуір – Sputnik. Алматының Алмалы комьюнити орталығында су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық көмек жинау пункті жұмыс істейді.
Оған Алматы қаласы әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова келіп, қиын-қыстау кезеңде көмек қолын созған азаматтарға алғыс айтты.
"Еліміз осы күндері ауыр сынақты бастан өткеріп жатыр. Дәл осы сәтте бірлігіміз бен елдігімізді көрсететін уақыт келді. Елдегі болып жатқан табиғаттың тосын мінезіне Мемлекет пен Президент тарапынан тиісті шаралар қабылданып жатыр", - деді Әсем Нүсіпова.
Бүгінде Алматыдан су тасқынынан зардап шеккен Атырау облысының тұрғындарына 30 тоннадан астам гуманитарлық көмек жөнелтілді.
Гуманитарлық көмек мына мекенжай бойынша қабылданады: Байтұрсынов көшесі, 22к1, сағат: 10:00-ден 19:00-ге дейін Кез келген адам Алмалы ауданындағы комьюнити орталығына хабарласып, заттарды өткізе алады! Байланыс нөмірлері: +7 747 821 64 78; 7 747 540 01 40