АСТАНА, 10 сәуір - Sputnik. Қазақстанда су тасқыны басталғаннан бері 96 472 адам құтқарылып, эвакуацияланды, оның ішінде 31 640-ы балалар, деп хабарлады республиканың төтенше жағдайлар министрлігі.
Авиацияның көмегімен 2823 адам құтқарылды, оның 865-і балалар. Уақытша орналастыру орындарында 7605 адам болса, оның 3474-і балалар.
82 559 мың мал қауіпсіз жерге айдалды. Жедел желіге 1214 қоңырау түсіп, психологтар зардап шеккендерге жедел психологиялық көмек көрсетуде.
Зардап шеккен аймақтарға 167 935 келі гуманитарлық көмек жеткізілді.
Қазақстандағы су тасқыны мен өзендер мен су қоймаларындағы жағдайды бақылау үшін дрондар қолданылып жатыр.
Мұздардың жиналып қалуының алдын алу мақсатында Ақмола облысының Қорғалжын (Нұра өзені), Атбасар (Жыланды өзені), Астрахань (Қолутон өзені), Сандықтау (Жабай өзені), Бұланды (Бақсұқ өзені) аудандарында жару жұмыстары жүргізілді.
Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында 3444 жеке тұрғын үй мен 336 аула су астында қалып отыр. 8,5 миллион щаршы метр астам еріген су сорылып, 1,3 миллион қап пен 1,1 миллион тонна инертті материал төселді. 2750 тұрғын үй мен 1816 аула аумақтарынан су бұрылды.
Су өткен 139 жол, су шайған 105 жол, оның ішінде 8 көпір және 97 жол төсемі бақылауда тұр. Бақылауда көлік қатынасы жоқ 69 елді мекен бар, ол жақта жергілікті атқарушы органдар халықпен байланыс жасап, қажетті азық-түлік және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілген.
Тәулік бойы жүргізіліп жатқан апатты-құтқару жұмыстарына 24 295 адам және 2655 техника, 469 су сору техникасы және 139 жүзу техникасы, төтенше жағдайлар министрлігінің, қорғаныс министрлігінің, ішкі істер министрлігінің, ұлттық қауіпсіздік комитетінің, жергілікті атқарушы органдардың, ұйымдардың 10 ұшағы жұмылдырылған.