Сел басқан аймақтарда 69 елді мекен көлік қатынасынсыз қалды

Су тасқыны басталғалы бері 96 мыңнан астам адам құтқарылды
Sputnik
АЛМАТЫ, 10 сәуір – Sputnik. Сел басқан аймақтарда 69 елді мекенге әлі де көлік қатынай алмайды. Бұл туралы республикалық ақпараттық штабта өткен брифингте ҚР ТЖМ азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері Ерасыл Сайпаш айтты.
Су тасқыны басталғалы бері 96 мыңнан астам адам құтқарылды, оның 31 мыңнан астамы бала.
Сайпаштың айтуынша, 2 823 адам ұшақпен құтқарылған, оның 865-і бала.
"Уақытша пункттерге 7 605 адам, оның ішінде 3 474 бала орналастырылды. 82 559 мал қауіпсіздік жерге шығарылды. Зардап шеккен өңірлерге 167 935 кг гуманитарлық көмек жеткізілді. 8,5 млн астам текше метр еріген қар суы сорылды. 2 750 тұрғын үй мен 1 816 аула аумағынан су бұрылды", - дейді Ерасыл Сайпаш.
Тәулік бойы авариялық-құтқару жұмыстарына 24 295 адам, 2 655 бірлік техника, 469 су сору техникасы және 139 жүзу құралы, 10 әуе кемесі жұмылдырылды.
"10 сәуір таңертеңгі сағат 10:00-дегі жағдай бойынша Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында 3 444 жеке тұрғын үй, 339 аула аумағы су астында қалған. Су шайған 105 автожол, оның ішінде 8 көпір мен 97 жол төсемі бақылауда тұр. 69 елді мекен көлік қатынасынсыз қалған", – деді спикер.
Республикалық және жедел штабтар жұмыс істеп жатыр. ТЖМ азаматтарды су тасқыны кезінде мұқият болуға және қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырады.