Маңғыстау облысында 9 педагог жалған дипломмен жұмыс істеген

Қазіргі уақытта 7938 педагогтың дипломы тексеріліп жатыр
Sputnik
АЛМАТЫ, 10 сәуір – Sputnik. Маңғыстау облысында кейбір педагогтардың дипломы жалған болып шықты. Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
Маңғыстау облысы білім басқармасының басшысы Динара Жұмашеваның айтуынша, былтыр 20 мың педагогтың құжаты тексерілген.
"2023 жылы облыс бойынша 20 мыңнан астам педагогтың дипломы құқық қорғау органдарына тексеруге жіберілді, нәтижесінде 7 педагогтың дипломы жалған болып шықты", - дейді білім басқармасының басшысы.
Биыл да дипломы жалған мұғалімдер анықталған.
"Жыл басынан бері 9 педагогтың білімі туралы құжаты расталмады. Олар қызметінен босатылды. Қазіргі уақытта жоғары оқу орындарынан 7938 педагогтың дипломы бойынша жауап күтіп отырмыз", - деді Динара Жұмашева.
Диплом жасатпақ болған Семей тұрғыны ақшасынан айырылды