Кореяда зауытта Қазақстан азаматы қайтыс болды

30 жастағы қазақстандықты Чонгып шыны зауытында тұнбаны тазарту кезінде тоқ соққан
Sputnik
АЛМАТЫ, 10 сәуір – Sputnik. Кореяда жұмыс істеп жүрген қазақстандық қайтыс болды, деп хабарлады Yonhap News ақпарат порталы.
Қазақстанның сыртқы істер министрлігі ақпаратты растады.
"Кореяда қазақстандық азаматтың қайтыс болғаны туралы ақпаратты растаймыз. Марқұмның қай облыстың азаматы екені туралы нақты ақпарат жоқ", - деді министрліктің ресми өкілі Айбек Смадияров.
Кореялық басылымның ақпараты бойынша 30 жастағы қазақстандықты Чонгып шыны зауытында тұнбаны тазарту кезінде тоқ соққан. Ол ауруханаға жеткізілген соң қайтыс болған. Қайғылы оқиға 8 сәуірде болған.
Аланияда екі қазақстандық көз жұмды – жол апатының мән-жайы жарияланды