ЕАЭО-да өнеркәсіп өндірісі 6,6%-ке өсті

Өнеркәсіптік өндіріс одаққа мүше барлық мемлекете өскен
Sputnik
АЛМАТЫ, 10 сәуір - Sputnik. Еуразиялық экономикалық одақта өнеркәсіптік өндіріс биылғы жылдың екі айында 6,6%-ке өсті, деп хабарлайды Еуразилық экономикалық кеңес.
2024 жылғы қаңтар-ақпанда Еуразиялық экономикалық одақтың өнеркәсіптік өндіріс көлемі 2023 жылғы қаңтар-ақпан деңгейіне қарағанда 106,6% болды.
Өнеркәсіптік өндіріс одаққа мүше барлық мемлекете өскен: Арменияда-28,9%, Қырғызстанда – 7,8%, Беларуссияда – 7,1%, Ресейде – 6,6% және Қазақстанда-4,6%.
ЕАЭО-да тау-кен өндіру өнеркәсібіндегі және карьерлерді игерудегі өндіріс көлемі 1,5%, өңдеу өнеркәсібінде - 10,4%, электрмен жабдықтауда, газ, бу беруде және ауа баптауда - 5,7%, сумен жабдықтауда, кәріз жүйесінде, қалдықтарды жинау мен бөлуді бақылауда - 4,6%-ке ұлғайды.