Алматыдан Атырауға тағы 25 тоннаға жуық гуманитарлық көмек жөнелтілді

Sputnik
АСТАНА, 10 сәуір - Sputnik. Алматыдан Атырауға тағы 25 тоннаға жуық гуманитарлық көмек жөнелтілді. Оның жалпы сомасы 25 миллион теңгеден асады, деп хабарлайды 24KZ.
Қазақстан халқы Ассамблеясы жариялаған "Жүректен жүрекке" акциясына алматылықтар да осылай үн қосып жатыр. Гуманитарлық көмекті жинауға этномәдени бірлестіктер мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері, қала тұрғындары атсалысты. Осы істің басы-қасында жүргендердің айтуынша, тасқын судан зардап шеккен өңірлерге көмектескісі келетіндердің қарасы қалың.
Әзірге бір ауыр жүк көлігі жіберілді. Оның ішінде азық-түліктен бастап тұрмысқа қажетті заттар бар.