Алматыда тағы да жер сілкінді

Жер сілкінісінің ошағы Қытайда орналасқан
Sputnik
АСТАНА, 10 сәуір - Sputnik. Алматыда тағы да жер сілкінісі болды. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі "Сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулердің ұлттық ғылыми орталығы” ЖШС сейсмикалық стансалар желісімен 2024 жылдың 10 сәуірінде сағат 19:56-да тіркелді.
Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 484 км қашықтықта Қытай аумағында орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы 13,6;
Магнитудасы MPV 6.0;
Жер сілкінісінің координаталары – 41,37° солтүстік ендік, 82,23° шығыс ұзақтық;
Тереңдігі 10 км;
Сезілу туралы ақпарат (МSК-64 шкаласы бойынша): Алматы қаласында 2 балл, Кеген, Райымбек аудандарында 3 балл.