АСТАНА, 9 сәуір – Sputnik. Су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға атаулы әлеуметтік көмек беру және мүгедектік мерзімі автоматты түрде ұзартылады.
"Төтенше жағдай режимі жарияланған аудандар мен қалалардағы атаулы әлеуметтік көмек алушыларға осы жылдың II тоқсанында АӘК автоматты түрде ұзартылады. Көмек көрсетуге алғаш рет өтініш білдіретін азаматтар электронды үкімет порталы арқылы жүгіне алады", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ мүгедектігі бар азаматтар үшін мына қызметтер автоматты түрде ұзартылады:
мүгедектік мерзімдері,
жалпы еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесі,
кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесі;
оңалтудың жеке бағдарламалары.
Бұл ретте мемлекеттік жәрдемақы бұрын белгіленген мүгедектік тобы бойынша төленеді.
Қазіргі уақытта Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі нормативтік құқықтық актілерге қажетті өзгерістер енгізіп жатыр.
Нормативтік құқықтық актілерге енгізілген тиісті түзетулермен мына сілтеме арқылы танысуға болады.