АСТАНА, 9 сәуір - Sputnik. Қарағанды облысының прокуратурасы мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаменті құрамында халыққа қызмет көрсету орталықтарының, медициналық мекемелердің қызметкерлері және құжат толтыруға көмектесетін адамдар бар қылмыстық топтың әрекетін тоқтатты.
Ақшалай сыйақы үшін олар шетелдіктерге 700-ден астам уақытша тұруға рұқсатты заңсыз берген, деп хабарлады Қарағанды облысының прокуратурасы.
Заңда уақытша тұруға ықтиярхат алуға өтініш берген кезде тұрғын үй иесінің жеке қатысуы мен келісімі қажет, бірақ шетелдіктерді іс жүзінде тіркеу барлық заң талаптарын айналып өту арқылы жүргізілген.
Сондай-ақ екі электронды цифрлық қолтаңба заңсыз берілген. Олардың көмегімен eQonaq ақпараттық жүйесіне шетел азаматтарының келуін тіркеу туралы 30-дан астам хабарламалар жіберілді.
Осының барлығы электронды цифрлық қолтаңба иелерінің хабарынсыз жасалған.
Прокуратурадағылар шетелдіктерді тіркеу схемалары деструктивті көзқарастағы адамдарың елге кіруіне алғышарттар жасайды деп санайды.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.