Қазақстан мен Ресей жұмыртқа өндіруді қысқартты - ЕАЭО статистикасы

Еуразиялық экономикалық комиссияның статистика департаментінің мәліметтері бойынша, 2024 жылдың екі айында ЕАЭО-да ауыл шаруашылығы өнімін өнжіру 1,2%-ға өсті
Sputnik
АСТАНА, 9 сәуір – Sputnik. Еуразиялық экономикалық одақтың барлық дерлік елі ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруді арттырды, деп хабарлады ЕЭК статистикасы.
"2024 жылдың қаңтар-ақпан айларында Еуразиялық экономикалық одақта барлық санаттағы шаруа қожалықтарында ауыл шаруашылығы өнімі 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,2%-ға өсті", - делінген хабарламада.
Статистика департаментінің мәліметі бойынша, Армения бойынша мәліметтерді қоспағанда өсім ЕАЭО-ның барлық мемлекеттерінде байқалды.
Ведомство өкілдері жыл басынан бері екі айда ЕАЭО-да союға арналған мал мен құстың (тірі салмақта) өндірісі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,2%-ға, сүт – 4,0%-ға артқанын, жұмыртқа өндіру 0,4%-ға төмендегенін хабарлады.
"Армения бойынша мәліметтерді қоспағанда ЕАЭО-ға барлық мүше-мемлекетте союға арналған мал мен құс етін (тірі салмақта) және сүт өндіру көлемінің ұлғаюы байқалды. Беларусь пен Қырғызстанда жұмыртқа өндірісі өсті, Ресей мен Қазақстанда төмендеді", - дейді статистика мамандары.
Негізгі мал шаруашылығы өнімдерін өндірудің ең көп өсімі Беларусьте тіркелді, деп хабарлады ЕЭК статистика департаменті.