Астанада шина қоймасы өртенді

Өрт аумағы шамамен 1000 шаршы метрді құрады
Sputnik
АСТАНА, 9 сәуір – Sputnik. Астананың Сарыарқа ауданында шина қоймасынан өрт шықты, деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.
"Қоймадағы резеңке бұйымдар өртенді", - делінген хабарламада.
Өрт аумағы шамамен 1000 шаршы метрді құрады.
"Резеңке бұйымдардың жоғары температурада жануы өртті сөндіру жұмыстарын қиындатуда.
Өртті сөндіруге Астана қаласы ТЖД жеке құрамның 61 адамы және 15-ке жуық техникасы қатысып жатыр.
Сағат 01:34-тегі мәлімет бойынша өрт сөндірушілер 500 ш.м. алаңдағы өртті оқшаулады.
Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр.