АСТАНА, 8 сәуір – Sputnik. 20 сәуірде "Жәрдем" медициналық пойызы Астанадан Қызылорда облысына жолға шығады.
"Samruk-Kazyna Trust" пен денсаулық сақтау министрлігі арасында жоба шеңберінде жауапкершілікті күшейту және өзара серіктестікті нығайту туралы меморандумға қол қойды.
"Денсаулық сақтау министрлігі білікті мамандармен және қажетті жабдықтармен қамтамасыз етеді, Қор жобаның жұмысы мен пойыздардың үздіксіз қозғалысын үйлестіреді, Ұлттық комиссия медициналық пойыз персоналының құрамына заңгерлерді тартатын болады", - делінген хабарламада.
Медициналық пойыз 140 шалғай елді мекенді аралайды. Маршрут кестесі туралы ақпарат sk-trust.kz, medpoezd.kz сайттарында және жобаның әлеуметтік желілердегі парақшаларында орналастырылады.