Су тасқынынан құтқарылған 3 мыңға жуық бала уақытша орналастыру пункттерінде жатыр

Жеті облыста үйлерді су басып қалды
Sputnik
АСТАНА, 8 сәуір – Sputnik. 8 сәуір күні сағат 10.00-дегі жағдай бойынша су тасқыны салдарынан уақытша орналастыру орындарында 7203 адам болса, оның 2794-і балалар.
Бұл туралы Қазақстанның төтенше жағдайлар министрлігі азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері Сайпаш Ерасыл хабарлады.
"Су тасқыны кезеңі басталғалы 75 982 адам құтқарылды, оның 18 681-і балалар. Жұмылдырылған ұшақтармен 2 811 адам құтқарылды, оның 865-і балалар. Уақытша орналастыру орындарында 7 203 адам бар, оның 2 794-і балалар", - деді ол орталық коммуникациялар қызметінің онлайн брифингінде.
Сондай-ақ 10 мыңға жуық мал қауіпсіз жерге шығарылды.
Зардап шеккен аймақтарға 126 мың тоннадан астам гуманитарлық көмек жеткізілді.
Төтенше жағдайлар министрлігі өкілінің айтуынша, 7 миллион текше метрден астам еріген су сорылған. 993 мың қап пен 900 тоннадан астам инертті материал төселді.
Қазіргі уақытта жеті облыста 3745 жеке тұрғын үй мен 421 аула аумақтары су астында қалды:
Атырау;
Ақтөбе;
Ақмола;
Қостанай;
Шығыс Қазақстан;
Солтүстік Қазақстан;
Павлодар облысы.
"Шайылған 105 жол, көлік қатынасы жоқ 65 елді мекен бақылауға алынды. Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстары республикалық жедел штабтың бақылауында тұр", - деді спикер.
Қазақстанның төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметі бойынша құтқару жұмыстарына 16 375 адам, 1600-ден астам техника, 377 су сорғыш техника және 81 суда жүзу құралы, 15 ұшақ жұмылдырылған.