Тасқыннан зардап шеккен аймақтарға 378 мың тоннадан астам гуманитарлық көмек жиналды

Оның 280 тоннадан астамы зардап шеккен өңірлерге жеткізілді
Sputnik
АСТАНА, 7 сәуір – Sputnik. Су тасқынынан зардап шеккен аймақтар үшін 378 мың тоннадан астам гуманитарлық көмек жиналды. Оның 280 тоннадан астамы зардап шеккен өңірлерге жеткізілді. Гуманитарлық көмектің қалған бөлігі жақын арада жіберіледі. Бұл туралы мәдениет және ақпарат министрлігі азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Гүлбара Сұлтанова хабарлады.
Ол орталық коммуникациялар қызметінде өһткен брифингте еріктілердің су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысуы, гуманитарлық көмек жинау және оны жөнелту туралы айтты.
Оның айтуынша, Атырау облысының 5 мыңнан астам еріктісі қаптарды пайдаланып жағалау сызығын нығайтуға және су басқан аудандардан тұрғындарды эвакуациялауды жүзеге асыруға жұмылдырылған.
БҚО-да еріктілер ТЖД қызметкерлерімен бірлесіп су басқан кенттердің 500-ден астам тұрғынын эвакуациялады.
Павлодар облысының 260 еріктісі су басқан аудандарға барды. Қостанай облысының Арқалық қаласында күн сайын 5 қоғамдық тамақтандыру нысаны 300-ден астам адамды ыстық тамақпен қамтамасыз етеді.
Түркістан облысынан келген 15 жас волонтер Ақтөбе облысының зардап шеккен тұрғындарына көмек көрсетеді және авариялық-қалпына келтіру жұмыстарына қатысады.
72 мыңнан астам адам құтқарылды