7 облыста республикалық жолдар жабылды

Қазіргі таңда республикалық жолдарда 297 техника мен 385 адам жұмыс істеп жатыр
Sputnik
АСТАНА, 7 сәуір – Sputnik. Су тасқынына байланысты 7 облыстағы республикалық маңызы бар 17 жол жабылды, деп хабарлайды "ҚазАвтоЖол".
Ведомствоның мәліметінше, халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауа райының жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан 5 облыста (Ақмола, Атырау, СҚО, Павлодар, Қостанай) жалпы ұзындығы 3910 метр болатын 10 жол учаскесін су басты.
7 облыстағы (Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Қостанай, Павлодар, Маңғыстау, СҚО) республикалық маңызы бар 17 автомобиль жолында қозғалысқа шектеу енгізілді.
Қазіргі таңда республикалық жолдарда 297 техника мен 385 адам жұмыс істеп жатыр.