Құлсары қаласынан бес мың адам көрші облысқа эвакуацияланды - видео

Маңғыстауда азаматтарды қабылдау үшін барлығы 83 мың адамға есептелген екі жүзден астам эвакуациялық пункт құрылды
Sputnik
АСТАНА, 6 сәуір - Sputnik. Атырау облысы Құлсары қаласында алдын ала ақпаратқа сәйкес 2500-ге жуық жеке тұрғын үй мен әкімшілік ғимараттарды су басты, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігі.
Ақпаратқа сәйкес, Құлсары қаласынан Маңғыстау облысына 5 мыңға жуық жергілікті тұрғын эвакуацияланды. Оның 214-і балалар. Олардың барлығы алты уақытша эвакуациялық пункте орналасқан.
Маңғыстауда азаматтарды қабылдау үшін барлығы 83 мың адамға есептелген екі жүзден астам эвакуациялық пункт құрылды.
Атырау облысында су тасқыны жағдайына байланысты Маңғыстау облысының ТЖД жедел тобы қазіргі уақытта жеке құрамнан 72 адам, шамамен 8 бірлік техника, 5 жүзу құралдары, 8 су сорғыштар авариялық-құтқару мен кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу мақсатында Құлсары қаласында жұмыс істеп жатыр.
Апаттық-құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізу үшін Ақтөбе облысы ТЖД жеке құрамы Ұлттық ұланның тікұшағымен ұшып кетті.