Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Қазір Ресеймен келісім жасау мүмкін емес – Зеленский кеңсесі

Зеленскийдің кеңсесі Ресеймен келісім туралы мәлімдеме жасады
Sputnik
АЛМАТЫ, 6 сәуір – Sputnik. Украина президенті Владимир Зеленский кеңсесінің басшысы Андрей Ермак қазір Ресеймен келісім жасау мүлдем мүмкін емес деп мәлімдеді. Бұл туралы еуропалық Politico газеті жазды.
"Соғыс басталғалы Украинаның Ресеймен келіссөз тобын басқарған Ермак "Мәскеумен келісім жасау қазір мүлдем мүмкін емес" деп мәлімдеді", - деп жазды басылым.
"Газетке берген сұхбатында Ермак ресейліктер ешқандай келіссөзге мүдделі емес деді.
"Украинаның берілгенін қалап отыр. Бірақ бұл ешқашан болмайды - қазір Украина, яғни біз тәуелсіздігіміз жолында ешбір келісімге келмейміз...",- деді Зеленский кеңсесінің басшысы.
Бұған дейін Кремль де Украинадағы жағдайдың бейбіт бағытқа ауысуының алғышарттары қазір жоқ деп мәлімдеді.
Ресей президенті Владимир Путин кейінірек егер Украина келіссөздер процесін қаласа, онда театрлық қимылдар қажет емес, Ресеймен келіссөз жүргізуге тыйым салатын Жарлықты жою қажет деді. Оның айтуынша, Ресей Украинадағы қақтығысты бейбіт жолмен шешуге ешқашан қарсы болған емес, бірақ Ресей Федерациясының қауіпсіздік кепілдіктері сақталуға тиіс.