Қазақстан мен Ресей су тасқыны бойынша жедел ақпарат алмасып жатыр –министрлік

Су ведомстволары деңгейіндегі өзара әрекеттесу апаттарға тезірек және тиімді дайындалуға көмектеседі
Sputnik
АСТАНА, 6 сәуір – Sputnik. Қазақстан мен Ресей су тасқыны және гидротехникалық құрылыстардың жұмысы туралы жедел ақпарат алмасып жатыр, деп хабарлады су ресурстары және ирригация министрлігі.
"Ведомство басшысы Нұржан Нұржігітов федералды су ресурстары агенттігінің басшысы Дмитрий Кирилловпен "тұрақты телефон байланысында", бөгеттер мен су тораптарының апатсыз жұмысын қамтамасыз етуді, сондай-ақ екі елдің шекаралас аймақтарындағы су тасқыны жағдайын талқылауда", - делінген министрлік хабарламасында.
Ведомствоның айтуынша, Ресей аумағында бірқатар трансшекаралық өзен арқылы су тасқыны ағынының қалыптасуына байланысты министрлік күн сайын Росгидрометпен гидрологиялық деректер алмасып жатыр.
Су ресурстарының дерегі бойынша Орынбор және Саратов облыстарының су қызметтерімен тұрақты ақпарат алмасу жолға қойылған.
Еріген қар суы Орскідегі бөгетті бұзып өтіп, Орал суы қауіпті деңгейге көтерілді, салдарынан Орынбор облысына қауіп төнді.