Фото

World Press Photo фотобайқауының жеңімпаздары анықталды - фото

Әлемдегі ең беделді фотобайқаулардың бірі World Press Photo Contest 2024 аймақтық жеңімпаздардың есімдерін жариялады. Жеңімпаздардың көпшілігі өз аймағындағы оқиғаларды суретке түсіретін жергілікті фотографтар. World Press Photo байқауы алғаш рет 1955 жылы өтті
Sputnik
2024 жылы бұл беделді байқауға 130 елден төрт мыңға жуық фотографтың 60 мыңнан астам фотосуреті келіп түскен. 2024 жылғы өңірлік жеңімпаздар қатарында 24 жоба бар, тағы алты жұмыс ынталандыру сыйлығымен марапатталды. 

Байқаудың қазылар алқасы таңдаған суреттер әлемнің қазіргі бейнесін ұсынады. World Press Photo марапатына ие болған суреттердің негізгі тақырыптары - экология және отбасы, әлемнің назарын аударып отырған оқиғалар. 

Фотографтардың камералары арқылы ұсынылған әлемнің қазіргі келбетін суреттер топтамасынан қараңыздар.
1 / 13

"Тірі қалған әйел", авторы - Арлетт Башиси. Суретте: Эритрея сарбаздары қалаға басып кіргенге дейін шаштаразға иелік еткен 32 жастағы Шила есімді үш баланың анасы. Содан кейін оның өмірі "дейін" және "кейінге" бөлінді. Тиграй аймағы, Эфиопия.

2 / 13

"Мен әлі сенімен біргемін", авторы - Ван Найгун (Қытай). Операция және сәулелік терапиядан кейін сурет кейіпкерлері жақсы оңалып жатыр, ал олардың жақындары болашаққа сеніммен қарайды. Суреттегі мына балалар "Өмір қысқа. Не істегіңіз келсе, соны жасаңыз және өзіңізге ұнайтын нәрсені таңдаңыз" дейді.

3 / 13

Бұл суретті Израильдің Газа секторына жасаған әуе шабуылынан кейін аймақтық палестиналық фотограф Мұстафа Хасуна түсірген. Бұл туынды World Press Photo 2024 байқауында қазылар алқасының арнайы номинациясын жеңіп алды.

4 / 13

"АҚШ-тағы алғашқы климаттық босқындар", авторы - Сандра Мел. Суретте: Луизиананың оңтүстігіндегі емен орманы.

5 / 13

"Отты аспан, жасыл сулар", авторы - Адриана Лурейро Фернандес (Венесула). Суретте: көршілер әлемдегі ең үлкен газ алаулары атқылап жатқан шақта лото ойнап отыр.

6 / 13

"Қос қабырға", авторы - Алехандро Сегарра. Суретте: мигрант жүк пойызы вагондарының үстімен жүріп барады. Ақшасы жоқ босқындар АҚШ-шекарасына жету үшін мұндай әрекетке жиі барады. Өткен жылдары жүздеген адам рельске құлап, көз жұмды немесе жараланды.

7 / 13

"Амазонкадағы құрғақшылық", авторы -Лало де Алмейда (Бразилия). Балықшы Амазонка өзенінің құрғаған арнасымен, Порту-Прайа, Бразилияның байырғы қауымдастығы маңында серуендеп жүр.

8 / 13

"Жоғалған аймақ", авторы - Алетея Кейси (Австралия). Бұл қала 2019-2020 жылдардағы орман өрттерінен салыстырмалы түрде зардап шеккен жоқ, бірақ осы уақыт ішінде тұрғындар бірнеше рет эвакуацияланды және жаңа орман өрттерінің қаупі тұрақты сақталып тұр. Калала шығанағы, Австралия.

9 / 13

Сурет авторы - Чарльз-Фредерик Уэлле (Канада). Суретте ер адам өрт патрульдері тарағанына және аумақ бақылауда екеніне көз жеткізу үшін көкжиекке көз салып тұр.

10 / 13

"Үйге оралу", авторы - Винсент Хейгес (Германия). Суретте: 21 жастағы сарбаз соғыстан оралғалы анасын алғаш рет көріп тұр, Эфиопия.

11 / 13

"Жүрек пернелері", авторы - Кадзухико Мацумура (Жапония). Суретте егде жастағы ер адам қонақ бөлмеде әйелі Кимико суреттерінің айналасында отыр.

12 / 13

"Бейтарап жер", авторы - Даниэль Шатар. Ереуілшілер Гарцвайлер карьерінің бойымен серуендеп жүр.

13 / 13

"Ластанған Чилеунгси өзендері", авторы - Арье Басуки (Үндістан). Суретте: жергілікті тұрғын Чилеунгси өзеніндегі бір кездері көркем сарқырамада балық аулап жатыр. Судағы қалың көбік негізінен жақын маңдағы өндірістер қалдықтарының салдары болып табылады.