Бір жылда қазақстандықтардың шығыны 12%-ке өсті

Шығынның жартысынан көбі азық-түлікке жұмсалады
Sputnik
АЛМАТЫ, 5 сәуір – Sputnik. Қазақстандықтардың ақшалай шығыны былтыр төртінші тоқсанда жан басына шаққанда орташа есеппен 277,2 мың теңге болды, деп хабарлады Ranking.kz.
Бұл 2022 жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 12,3%-ке артық.
Халықтың жалпы ақшалай табысы бір жылда 21,2% өсіп, жан басына шаққанда орта есеппен 305,9 мың теңгеге жетті.
Өңірлер арасында былтыр төртінші тоқсанда Астана мен Алматының тұрғындары ең көп шығынданған. Жан басына шаққанда 366,3 мың және 359,5 мың теңге ақша жұмсалған. Қысқасы, Астанада халықтың шығыны бір жылда бірден 21,9%-ке, ал Алматыда11,6%-ке өскен.
Ал ең аз шығын шығаратын аймақтар: Түркістан облысы, Шымкент қаласы, Қызылорда облысы. Мұндағы жан басына 185,2 мың - 225,4 мың теңге аралығында жұмсалады.
Шығынның басым бөлігі азық-түлікке жұмсалады.
Ал кредит пен қарыз шығыны бір жылда 22,1%-ке, жан басына шаққанда орта есеппен 14,8 мың теңгеге дейін өсті.
Туыстар мен таныстарға материалдық көмекке жұмсалатын шығындар мен алимент бірден 27,2%, яғни 5,4 мың теңгеге дейін ұлғайды. Халықтың салықтарға және басқа да төлемдерге жұмсаған шығыстары 9,2%-ке өсті.