Ақтөбеде облысында аса қауіпті мал ауруы ошақтарында шектеу енгізілмеген

Салдарынан инфекцияның таралу қаупі туындаған. Облыс бойынша 18 мал қорымының қоршауы жоқ
Sputnik
АЛМАТЫ, 5 сәуір – Sputnik. Ақтөбеде облысында аса қауіпті мал ауруы тараған ошақтарда әкімдіктер уақтылы шектеу енгізбеген, деп хабарлады облыстық прокуратура.

"Әкімдіктер аса қауіпті аурулар өршіген аумақтарда шектеу іс-шараларын уақтылы енгізбеген. Бұл үшін заңмен 3 күндік мерзім белгіленген. Іс жүзінде 2 ай өткеннен кейін ғана шектеулер енгізілген. Салдарынан инфекцияның таралу қаупі туындаған", - дейді прокуратура.

Сонымен қатар облыс бойынша мал басы туралы нақты мәліметтер жоқ. Прокуратураның айтуынша, бұл эпизоотияға қарсы іс-шаралардың сапасын төмендетеді.
"Облыс бойынша 18 мал қорымының қоршауы жоқ. Ал кейбір мал қорымы елді мекендерден 1000 метрден аз қашықтықта орналасқан", - дейді ведомство.
Прокуратура актісімен лауазымды мамандар жауапқа тартылды.