Жамбыл облысында мемлекетаралық іздеуде жүрген қылмыскерлер ұсталды

Sputnik
АСТАНА, 4 сәуір – Sputnik. Жамбыл облысында полиция мемлекетаралық іздеуде жүрген шетелдік қылмыскерлерді ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.
Жамбыл облысының полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Тұрар Рысқұлов ауданының аумағында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде мемлекетаралық іздеуде жүрген қылмыскерлерді ұстады.
Өзбекстан Республикасының екі азаматы көрші мемлекеттің Самарқанд облысында 288 миллиард сомадан (10 миллиард теңге) аса ірі мөлшердегі табиғи газды жасырын ұрлады деген күдікке ілінген.
Ер адамдар уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды және жақын арада іздеу салуды жариялауға бастама білдірген елге беріледі.