АСТАНА, 4 сәуір – Sputnik. Сәрсенбі күні Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу мен оның француз әріптесі Себастьян Лекорню арасындағы келіссөз барысында тараптар Украина бойынша диалогқа дайын екендіктерін білдірді, деп хабарлады РФ қорғаныс министрлігі.
"Украина бойынша диалогқа дайын екендіктері айтылды. Бастапқы ережелер Ыстамбұл бейбітшілік бастамасына негізделуі мүмкін. Ресейдің қатысуынсыз Женевада кездесу өткізу мәнсіз", - деп хабарлады ведомство.
Еске сала кетейік, бұған дейін Ресей президенті Владимир Путин Ресей Украинамен келіссөз жүргізуге дайын, бірақ талқылаулар тек солардың қалауы бойынша емес, қалыптасқан шындықтар негізінде болуы керек екенін мәлімдеген болатын.