Ақтөбе облысында жол апаты салдарынан 8 шетелдік қаза тапты

Жүк көлігінің дөңгелегі жарылып, қарсы бағыттағы қозғалыс жолағына шығып кеткен
Sputnik
АСТАНА, 4 сәуір – Sputnik. Самара-Шымкент автожолында Volvo жүк көлігі мен Toyota-Аlhpard минивені соқтығысып, 8 адам көз жұмды.
Трагедия 3 сәуірде Маржанбұлақ ауылының маңында болды, деп хабарлады Polisia.kz.
"Апат салдарынан минивен жүргізушісі мен 7 жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Барлығы Өзбекстан азаматы", - деп жазылған хабарламада.
Алдын ала мәлімет бойынша жүк көлігінің дөңгелегі жарылып, жүргізуші көлікті басқара алмай, қарсы бағыттағы қозғалыс жолағына шығып кеткен.
Қоғам
Бір тәулік бойы ұйықтамаған: елдің батысында жүргізуші жол апатынан көз жұмды