АЛМАТЫ, 3 сәуір – Sputnik. Қазақстандағы футбол кәсіподақ клубтары легионерлер мен спорт нысандарын жалға алу үшін соңғы үш жылда 30 млрд теңгеден астам үстеме ақы төлеген, деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте агенттік төрағасы Асхат Жұмағалидің басшылығымен спортты қаржыландыру саласындағы жемқорлық тәуекелдерін жою мәселелері бойынша ведомствоаралық мәжіліс өтті. Агенттік жыл басынан бері спорт саласында 39 жемқорлық қылмысын тіркеген.
"Тек кейінгі 6 жылда осы саладағы бюджет 2 есеге өсіп, 1,4 трлн теңгеге жетті. Алайда Қазақстанның әлемдік спорттағы рейтингі төмендеп барады. Осы сала бюджетінің 90%-і жұмсалатын "жоғары жетістіктер" және "бұқаралық" спортты қаржыландыру арасында теңгерімсіздік байқалады. Ал дамыған елдерде пропорциялар мүлдем өзгеше және бұқаралық спортқа қаражат бөлу басым", - дейді ведомство.
Асхат Жұмағалидың айтуынша, қаржыландырудағы диспропорция жемқорлық схемаларына негіз болған. Спорттық процестерде цифрландырудың болмауы жемқорлық құқық бұзушылықтар мен қаражаттардың жымқырылуына қолайлы жағдай тудырып отыр.
Екі жыл бұрын жоспарланған "Е-sport" ақпараттық жүйесі осы уақытқа дейін іске қосылған жоқ. "Спорт шеберлеріне" жалған атақтар берілген.
"Еліміздің футбол кәсіподақ клубтары соңғы 3 жыл ішінде 30 млрд теңгеден астам үстеме ақы төлеген. Өзінің спорттық инфрақұрылымын дамытудың орнына бюджет қаражаты легионерлерге және спорт нысандарын жалға алуға жұмсаған", - дейді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.
Ал туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев жемқорлықты жою үшін барлық ұсынымның міндетті түрде орындалатындығын айтты.