АЛМАТЫ, 3 сәуір – Sputnik. Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің Қарағанды және Ұлытау облысы бойынша №62 мекемесінде қызметкерлер сотталғандарды азаптаған, деп хабарлайды Бас прокуратура.
ҚР Ұлттық ұлан 6505 әскери бөлімінің қызметкерлеріне қатысты азаптау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу аяқталды, дейді ведомстводағылар.
"Мекеменің жеті және әскери бөлімнің төрт қызметкері №62 мекемесінде жазасын өтеп жатқан 11 адамдарды азапатаған. Олар жазасын өтеушілерді кемсітіп, қорқытып, күш қолданған", - дейді Бас прокуратура.
Лауазымды тұлғалар өздерінің жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтарын құқық қорғау органдарынан жасыру үшін сотталғандарды мекеме және әскери бөлім қызметкерлеріне бағынбады деп баяндаған.
"Тергеу барысында күдіктілерге бұлтартпау шаралары қолданылып, тергеу соты оларды лауазымдарынан уақытша шеттетті. Қылмыстық іс 26 наурызда сотқа жолданды", - делінген хабарламада.