Қазақстан мен Қытай шекарасы 4 сәуірде жабылады

Мемлекеттік кірістер комитеті таяу уақытта Қытайға баратын қазақстандықтардан жол сапарын алдын ала жоспарлауды сұрайды
Sputnik
АСТАНА, 3 сәуір – Sputnik. Төртінші сәуірде Қазақстан мен Қытай арасындағы шекара автокөлік жүргізушілері үшін жабық болады, деп ескертті мемлекеттік кірістер комитеті.
"2024 жылғы 4 сәуірде ҚХР-да" Цинмин" мерекесіне байланысты Қазақстан - Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттерінде адам, көлік құралы мен жүк өткізілмейді", - делінген хабарламада.
Ал шекарадағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істейді.
Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдері тасымалдаушыларды және шекарадан өтуге ниет білдіргендердің барлығын енгізілген шектеулерді ескере отырып, жол сапарын алдын ала жоспарлауды ескертті.
Цинмиин – қытайдың "Таза жарық мерекесі", қыстың күн тоқырауынан кейінгі 104-ші күн. Бұл - көктемгі күн мен түннің теңелуінен кейінгі 15-ші күн. Қытай халқының дәстүрлі марқұмдарды еске алу мерекесі. Әр жылы 4-тен 6 сәуірге дейінгі кезеңнің бір күніне келеді. Бұл күні қытайлықтар көктемнің келуін тамашалау үшін табиғатқа шығып, ата-бабаларының қабіріне барады.