АСТАНА, 3 сәуір – Sputnik. НАТО бас хатшысы Йенс Столтенеберг Украина міндетті түрде альянсқа мүше болатынын тағы да мәлімдеді, деп хабарлады РИА Новости.
"Украина альянсқа мүше болады. Сондықтан мәселе мүше бола ма дегенде емес, қашан деген сұрақта", - деді ол.
2022 жылдың қыркүйек айының соңында Владимир Зеленский Украина НАТО-ға жеделдетілген түрде қосылуға өтініш білдіріп жатқанын хабарлады. Дегенмен НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг қарулы қақтығыс кезінде Украинаның альянсқа толыққанды мүше болуы мүмкін емес деп мәлімдеді.
Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков бұған дейін Кремль Зеленскийдің Украинаның НАТО-ға қосылуы туралы өтінішін, сондай-ақ оған әртүрлі реакциялардан хабардар екенін айтты. Оның айтуынша, бұл жағдайды Мәскеу мұқият қадағалап отыр және Украинадағы қақтығысқа Киевтің альянсқа бет бұруы себеп болғанын ескертті.
"Украинаны НАТО-ға қабылдамады, өйткені ұйым мүшелерінің арасында, негізінен, Польшаның Украинаның батыс аумақтарына деген таласы бар. Сондықтан Киевті альянсқа шақыру Украинаның қазіргі шекараларын тануды талап етеді", - деп мәлімдеді бұған дейін Ресей сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова.