АЛМАТЫ, 3 сәуір – Sputnik. Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Белқопа ауылында жеткіншек суға тұншығып көз жұмды, деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
10 жастағы жеткіншектің өмірін қиған қайғылы оқиға 2 наурызда болған.
"4 бала суға барған. Біреуінің аяғы тайып, қызыл суға түсіп кетіп, тұншығып қалған. Қасындағы балалар суға кеткен баланың атасына телефон соғып, баланың денесін таба алмай жатқанын айтқан", - дейді ведомство.
Жедел жәрдем қызметіне сағат 16:00 шамасында хабарлама түскен. Өкінішке қарай суға тұншыққан баланы құтқару мүмкін болмады.